Былтыр қараша айында Президент Каспий теңізін зерттеу институтын құруды ұсынған болатын, деп хабарлады El.kz.
Журналистер Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің басшысынан осы ұйымның қашан құрылатынын сұрады.
«Министрлік дәл қазіргі уақытта халықаралық тәжірибеге зерттеу жүргізіп жатыр. Каспий теңізі жағасындағы барлық республикалармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Бізге тапсырма берілді. Қазір қарастырып жатырмыз. Нақты күнін айта алмаймын», – деді Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры Ақзан Ширанов.
Сондай-ақ ол министрлік қазақстандық институтты құратынын айтты. Бірақ осы институтты құру кезінде Каспий жағалауындағы өзге де мемлекеттермен талқылау жүретінін алға тартты. Ақзан Ширановтың айтуынша, бұл Қазақстанға ғана қатысты мәселе емес, көршілерімізге де ортақ проблема. Дегенмен ол институт құрудың дедлайны әлі белгіленбегенін тілге тиек етті.