Каспий теңізі жағалауындағы 50 га жер мемлекетке қайтарылды

21 Тамыз, 03:18 499

Каспий теңізі жағалауындағы орналасқан 50 га жер мемлекетке қайтарылды. Кадастрлық құны – 445 млн теңгені құрайтын жер учаскесі Каспий теңізінің жағалауындағы Қарақия ауданында орналасқан. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келіп түскен өтініш негізінде Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаментімен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде мұнай терминалының құрылысын салу және орналастыру үшін арналған жалпы ауданы 50 гектар жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай келгені анықталған.

Жер учаскесінің меншік иесіне жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жыл аяқталғаннан кейін нұсқама талаптарын орындамағаны үшін серіктестікке 345,0 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар департаменттің жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арызы сотпен қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енді. 

Зарина Арман
Бөлісу: