«Каспий» су тұщыту зауыты қуатын арттырады

26 Қыркүйек, 03:16 394

Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытында жаңғырту аяқталып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыс 95%-ға орындалды. Жоспарланған көлемге шығу нәтижесінде кәсіпорын халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету қуатын екі есеге арттырады.

Мемлекет басшысы Жолдауында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Қабылданған бағдарлама шеңберінде біздің зауыт өндірісті тәулігіне 20 мың м3-тен 40 мың м3-ке дейін ұлғайта отырып, жаңғыртудан өтуде. Қазіргі сәтте жұмыс 95%-ға орындалды. Келесі жылдың қараша айында тәулігіне 40 мың м3 су беру көрсеткішіне жетуді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде зауыт Ақтау қаласы, Қарақия және Мұнайлы аудандарының тұрғындарын сапалы ауызсумен толық қамтамасыз ететін болады, — деді «Каспий» су тұщыту зауыты» ЖШС директоры Серік Ғұсман.

Перизат Саденова
Бөлісу: