Kaspi банктің атқарушы директоры шетелдікке тұрмысқа шықты

27 Қыркүйек, 10:09 20642

Kaspi банкінің атқарушы директоры Маржан Елшібаева британиялыққа тұрмысқа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Елшібаеваның сөзінше, күйеуінің аты Пол.

Шынымды айтсам, жеке өміріме қатысты жайт көпшіліктің назарын аударады деп ойламаппын. Құттықтауларыңызды оқудың өзі қандай керемет. Тіркеу ерекше әдемі Борнмут (Англия) қаласы мэриясының ғимаратында болды. Күйеуім ағылшын, есімі Пол. Туған жерімнен кететін ойым жоқ. Сондықтан күйеуімде Қазақстанға көшуге көндірдім. Мен үшін ол туыстарын, жақындары мен достарын тастап, өзге елге көшіп келмек. Енді мен оның махаббатына күмән келтіре алмаймын, - деді Елшібаева.

Маржан Елшібаева 20 жылға жуық Қазақстанның медиа саласында жұмыс істеді. 1994 жылы КТК-да, сонан соң «31 арнада» еңбек етті. Ал 2014 жылғы сәуірден бастап Kaspi банк-тің атқарушы директоры. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: