Kaspi банкінің бөлімшесін басып алған Әлихан Мұрадов сотталды

18 Қыркүйек 2023, 14:37 747

Астанада Kaspi банкінің бөлімшесін басып алып, қызметкерлерін кепілге алған 30 жастағы Әлихан Мұрадовқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әлихан Мұрадовты 7,5 жылға соттады. Ол ҚР ҚК-нің 261-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Айта кетейік, 2023 жылғы 18 маусымда қаруланған ер адам Kaspi банк бөлімшесін басып алып, Kaspi активтерінің барлығын мүгедектігі бар балаларға, кедейлер мен мұқтаждарға беруді талап етті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: