«Кәсіптік біліктілік туралы» заң аясында тәуелсіз сертификаттау енгізіледі

14 Шілде 2023, 15:50 1039

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 4 шілде күні «Кәсіптік біліктілік туралы» заңға қол қойды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев аталған заң аясында қаралған новеллаларға тоқтала кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еңбек нарығындағы мықты бәсекелестік жағдайында жаңа дағдыларды үйреніп, басқа мамандықтарды да игеріп отыруымыз қажет. Бүгінде көптеген мамандықтың өзектілігі тек 2 жыл бойы сақталады. Осыған байланысты енгізіліп жатқан жүйе жұмыс іздеу және жаңа жұмысқа бірінші кезекте түлектерді орналастыру кезінде катализатор болады, - дейді Олжас Темірбекұлы.

Оқи отырыңыз:

Осылайша тәуелсіз сертификаттау, біріншіден, өз құзыреттерін нақты бағалауға, екіншіден, өз білімдерін, дағдыларын растауға мүмкіндік береді.

Жеке жұмыс берушілерге әлі де қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжат қажет. Бұл жағдайда сертификат жұмысқа қабылдау кезінде кейбір мамандық бойынша негізгі құжатқа айналады. Бұл ретте формалды немесе альтернативті білім беру процесінде аталған құзыреттерді бағалауға болады. Жұмыс беруші үшін сертификаттау өте тиімді. Өйткені жұмысқа тек қана тексерілген азаматтарды алуға мүмкіндік береді, - деді Олжас Ордабаев.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: