«Кейіпкер» подкастының кезекті қонағы еңбек жолын қарапайым стажер қызметінен бастаған бүгінде еліміздегі ең үлкен гүл желісінің негізін қалаған әйел Гүлзат Ізбасарова. Қарапайым отбасыдан шыққан Гүлзат банкте жұмыс істеп қалай кәсіпке келгенін баяндады. Сондай-ақ өз қызметкерлерін жұмысқа қандай талаптармен қабылдайтынын, флористерді қалай кәсіби оқытатынын айтты. Ол гүл бизнесіндегі тәуекелдер мен банкроттары туралы да сөз етті.