Кәсіпорындардан жергілікті халық ауруға шалдығып жатыр - Азаматхан Әміртай

1 Наурыз 2023, 21:11 919

Еліміздегі кәсіпорындардан жергілікті халық ауруға шалдығып жатыр. Бұл туралы «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай сайлау алды теледебатта айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Біздің партияның ең басты құндылығы қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы. Бұл өмірдегі ең маңызды құндылық болып саналады. Біз өмірді жүйелі жасау үшін күресіп жатырмыз. Бүгінде кәсіпкерлікті, зауыттарды қолдаймыз деп 30 жыл бойы партиялар қолдау көрсетті. Дегенмен ең соңында не болды? Адамдарымыз ауруға шалдықты. Біз осы сайлау кезінде көптеген зауыттарға барып, араладық. Онда қаншама ауру адамдар бар. Тіпті, обыр ауруына шалдығып өліп жатқандар бар. Олардың жағдайын кім ойлап жатыр. Әр жұмыс, әр өңдіріс адамға бақыт әкелмейтін болса, бұл  өндірістердің бізге не керегі бар? Сондықтан біз адам денсаулығын бірінші орынға қойып отырмыз», - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтің жергілікті басқару жүйесімен байланысы жоқ.

«Егер біз парламентке баратын болсақ, жергілікті жерді өзін өзі басқару заңын қолға аламыз. Сол арқылы  біз жергілікті өңірдің халықтың билікке дауысы жететіндей етіп жасаймыз. Сонымен қатар, президенттің «жергілікті жерді өзін өзі басқару концепциясы бойынша Атырау облысы Жилой ауданында халықтық кеңес құрып, пилотты жобаны іске асырдық. Ендігі таңда ол жобаны іске асыруға күште, тәжірибе де, білім де бар», - деді Азаматхан Әміртай.  

Миражан Махан
Бөлісу: