Қасиетті орындар мен ғибадатханалардың маңызы

31 Шілде 2018, 12:43 9673

Өзектілік, көрнекті тарихи-мәдени және қоғамдық-саяси маңызы

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының тарихи-мәдени, қасиетті ғибадатханалар, қасиетті орындар жайлы және олардың маңыздылығы жайлы кезекті зерттеу жұмыстары.

Қазақстан Республикасының киелі географиясы табиғи, материалдық және материалдық емес ескерткіштердің рухани, адамгершілік, тарихи, мәдени, әлеуметтік, құндылық негіздерін зерттейді. Қазақстан Республикасындағы киелі географияның тарихи, мәдени және рухани объектілерінің бірегейлігі мен маңыздылығы табиғи және мәдени критерийлер болып анықталады. Табиғи критерийлер:

  1. Объект ерекше табиғи феномен, ерекше эстетикалық кеңістіктік орын болып табылады;
  2. Объект осы өңірдің табиғат тарихының негізгі маңызды оқиға, фактілер, кезеңдер мысал ретінде ерекшеленеді (өтке және бүгінгі табиғи ескерткіштер, белгілі бір жердегі ерекше символикалық табиғи процестер, табиғи және геологиялық құбылыстардың сирек мысалдары);
  3. Объект заманауи Қазақстан өңірлеріндегі экожүйелердің әртүрлі эволюциясындағы ерекше экологиялық, биологиялық, биофизикалық, зоологиялық үлгілерін көрсетеді;
  4. Объект аса маңызды табиғат аясындағы биологиялық әртүрлілікті сақтауға арналған жергілікті, өңірлік және республикалық соның ішінде ғылыми жағынан құнды сирек түрлерді қамтиды.

Қазақстан Республикасында сақталған табиғи, материалдық, тарихи және мәдени-рухани және рухани объектілердің бірегейлігінің мәдени критерийлері:

  1. Объект қазіргі заманғы Қазақстан аумағында табиғи әлем, тарих, мәдениет және дін саласындағы ең үлкен жетістік болып табылады;
  2. Объект еліміздің тарихи және мәдени дамуында – Қазақстан Республикасының ерекше маңыздылығына ие болады (сәулет, монументалды өнер, қалалық елді мекендер, қасиетті ландшафтар, діни орындар, әдеби шығармалар және т.б.);
  3. Объект этностың тарихи-мәдени дәстүрлерін, тарихи және қазіргі контексттердегі өркениет типологиясын, қоғамның этникалық, ұлттық, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихында, жеке тұлғаны және қоғамды айқындайтын ерекше маңыздылығын көрсетеді;
  4. Объект табиғи ландшафт, қасиетті (діни), тарихи-мәдени, өнер, әдеби, білім беру контексттерінде әлемдегі және ұлттық тарихтағы айрықша кезеңді болып табылады;
  5. Объект табиғи және тарихи, мәдени және әлеуметтік фактілерді, ерекше дәстүрлерді, дәстүрлі діни нанымдарды, жоғары көркемдік және әдеби, құжаттық (жаңажылдық, фотографиялар және т.б.) жұмыстарын көрсетеді, бірақ олар сирек кездеседі.

Зерттеудің әдіснамалық негізі әлемнің және отандық гуманитарлық ғылымның теориясы, ол киелі география объектілерінің ерекше бірегейлігін жоғарыда аталған критерийлер бойынша анықтайды.

Мирча Элиаде (1907-1986) – мәдениет философы, діндар, діннің тарихшысы, «киеліні» зерттеуші ретінде, ол, киеліні – нақты әлемдегі ерекше сала, нақты нысандарда, саналы және түйсікті деңгейлерде адамға әсер ететін, ескерткіштерде табиғи, мәдени және киелі орындарды, мемориалдарды және т.б. орындарды түсіну және қабылдау, құрметтеу және жасау.

«Киелі» - бұл адамның, этностың, қоғамның сана мен есінде бейнелейтін әлеуметтік, ұжымдық және мәдени құндылық. Табиғат киелі кеңістікті, киелі тастармен ағаштарға табыну, діни тәжірибе-шынайылықты көрсетеді. «Қасиетті болмыспен қаныққан. Қасиетті күш – шындықты, қаттылықты және тиімділікті білдіреді».

Этнос географиялық өмір сүру ортасын игереді, тарихты жазады, табиғат ойкуменасында маңызды оқиғалар орын алады, ежелден қазақтар киелі орындарды білген (мысалы, Қазақстан тауындағы ерекше жер асты өзені; Жер мен аспан космостық канал бойынша қосылатын жері болып саналатын Алматы облысындағы «Үнгүртас», яғни «күш орыны») діни тағзым жерлері бар. Қазақ рулары мен тайпалары топонимикалық есімдерге ие болған, бұл ғылыми зерттеулер үшін ұлы этномәдени қабатты білдірген. Қазақстанның және басқа да этникалық топтардың киелі географиясының бірегей объектілері мен ескерткіштерін сақтау географиялық жағдайлармен байланысты болып табылады. Қазақ халқының бір аймақта ұзақ мерзімде қоныстануы біртіндеп табиғи-ландшафтық және климаттық жағдайлармен тығыз байланысты әлеуметтік-тарихи орта қалыптасады. Қоғамдық өмір мен мәдениет қалыптасуының объективті заңдылығы болып табылады. Географиялық және климаттық жағдайлар этникалық мәдениетке үлкен әсер етіп, этнохалықтық мінез және этникалық психологияны қалыптастырады. Адамның қабылдауында және санасында топонимдер этникалық сананы көрсетеді. Табиғи және ландшафтық объектілердің топонимикалық атаулары этнофор ретінде әрқайсысының есінде сақталып және болмыстық, адамның ғаламға тиістілігі ретінде ежелден ұрпақтан ұрпаққа берілген.

Саналы адам жердің, таулардың, алқаптардың, жайылымдардың және өзендердің кеңістіктік, табиғи-ландшафтық және географиялық орналасуын көрсететін зор био-әлеуметтік, экологиялық, эстетикалық және этикалық қарым-қатынастарды құрған. «Саналы адам», яғни, ойлаушы, өзінің ойкуменінде өмір сүріп, дүниені сезінуді топонимикалық атауларды оны қоршаған орта объектілерінде көрсетеді және тайпа мен этнос тілдерінде бұл атаулар сақталған.

Топонимдер (табиғи жерлердің орындары – таулар, төбелер, ормандар және т.б.) және гидронимдер (су ресурстарының атаулары) туған жер, туған ойкумендер адамға ерекше қымбат, өйткені сол жермен оның тууы және өмірі, қоршаған ортаны тануы, дүниетанымды қалыптастыру мен этнотарихи сана болып табылады.

«Жеті данышпандардың» бірі антикалық философ Фалес табиғат феномены ретінде суды атап, барлығының негізгі болмысы деп санаған. Көп этностарда бұлақтар мен өзендер мәдени және геополитикалық ерекшелік болып саналады. Қазақ этносы үшін Жайық, Ертіс, Әмудария, Сырдария өзендері мен далалық – бұл қазақтың рухының кеңдігі мен ашықтығы тазалықтың символы және оның руханиятының биіктігі. Өзеннің символы – бұл өмірдің нышаны, оның мәңгілігі мен уақыттығы, оның феноменалдығы және күрделілігі. Өзен өмірі – бұл адам өмір сүруінің барлық мағынасы. Этнотарихи жад уақыт өткен сайын жоғалып кеткен географиялық атауларды сақтайды, себебі тарих – оқиғаларды интерпретациялау және әрбір ұрпақ өткенді өзінше түсініп, талқылайды, өткенде ізденіс жүргізеді және әлеуметтік сабақ алады. Тарихи естеліктердің арамдалуы этникалық өзін-өзі тануына қайшы келеді, өйткені этникалық жад көптеген қасиетті жерлерді, діни ескерткіштерді, топонимдерді, этно-тарихи есімдерді өшіріп және жоюға тырысқан. Бұл адамгершіліксіз әрекеттер этнофорлардың этникалық сезімдерін және өзін-өзі сезінуін арамдаған, сондықтан тарихи жадты қайтару рухани жаңаруымыздың негізі болып табылмақ. Демек, этнос мәдениетінде мыңдаған жылдар бойы табиғи нысандар мен этникалық есімдер арқылы топонимикалық есімдер берілген және олардың рухани құндылығы мен мәдени мұрасы болған. Өткен тарихты этникалық жадты қоса объективті баға мен қайта ойлау, қазақстандықтардың қоғамдық санасының модернизациялануы ерекше маңызды, әрбір этнохалықтық бірегейлік этноаралық және дінаралық қатынастарды нығайтуды сақтау, ұрпақтан ұрпаққа әлеуметтік және мәдени тәжірибені көрсету және этникалық тарих және мәдениет дұрыс құндылық нысандарын қалыптастыру, кеңестік кезең мен тәуелсіз Қазақстан кезеңін қоса отырып, этнофорлардың тұрғындардың дүниетанымына әсер ететін, заманауи қоғамды патриотизм мен гуманзимді тәрбиелеу.

Бөлісу: