28 Мамыр 2015, 04:13
Санскрит тілінен аударғанда ол «әрекет» деген мағынаны білдіреді. «Әр әрекеттің қарсы әрекеті бар» деген Ньютон заңына балама ретінде қарастырылады. Адам ойлаған, сөйлеген, әрекет еткен сәтінде соған сай әсер ететін күшті оятады. Бұл адамның өзіне қайтатын қуат. Бәлкім, аз-кем өзгерген немесе тоқтап қалған, бірақ адам оның күшінен қашып құтыла алмайды. Себеп пен салдар заңы жазалау үшін емес, адамды өсіру үшін жұмыс істейді.
Адам істеген әрекетінің салдарынан бас тарта алмайды. Егер осыған жеткізетін жағдай тудырса, жапа шегеді, қайғырады. Бұл заңды білмеуі оны салдардан босатпайды. Мейлі ол антропогенді немесе әмбебап болсын.
Карма мен реинкарнацияны түсіну үшін бойды қорқыныштан адалап, қарапайым қағидаларды білсе де жеткілікті.
1. Ұлы қағида
- "Не ексең, соны орасың". Оны «себеп пен салдар заңы» депте қарастырады;
- Мына ғаламға қандай әрекет жіберсек, сол қайтып айналып өзімізді табады;
- Егер адам бақыт, махаббат, достық тілесе, онда ол бақытты, жаны тыныш, сүйікті, нағыз дос болып ғұмыр кешеді.
2. Түзіліс қағидасы
- Өмір қазір басталған жоқ, ол біздің қатысуымызды талап етеді;
- Біз ғаламмен бірміз. Іштей, сырттай;
- Айналамыздағының бәрі жан дүниеміздегі өзгерістің кілт болады;
- Өзіңмен өзің бол, қалаған адамың ғана жаныңнан табылсын.
3. Бойұсыну қағидасы
- Қабылдаудан бас тартқан дүние сіз үшін жалғаса береді;
- Егер біреуді жау көрсе, яки бір адамнан ұнамайтын қылық көрсе, бұл адамның ішкі жан дүниесі әлі өспегенін, жоғары деңгейге жетпегенін ғана көрсетеді;
4. Өсу қағидасы
- "Қайда барсаң да, сен керек жерде боласың";
- Рухани өсу үшін айналамыздағы адамдарды емес, іштей өзгеруіміз керек;
- Өмірде бізде шын бар қазына – өзіміз ғана. Біз тиянақты қадағалай алатын бір байлық - өзіміз;
- Жүрек түбінде біреуге, я бір мәселеге деген көзқарасымызды өзгерте алсақ, сонда өміріміз сол мысалға еріп өзгере бастайды.
5. Жауапкершілік қағидасы
- Өмірде қиындық туындаса, онда жан дүниеңде бір алапат бар дегені;
- Адам айна, қоршаған орта – біздің ішкі ойымыздың айнасы, дәлелдеуді талап етпейтін ақиқат;
- Өмірімізде орын алған әр жәйт үшін жауапкершілік ала білуіміз керек.
6. Байланыс қағидасы
- Кейбір ұсақ-түйек деген әрекеттің өзін дұрыс жасау маңызды. Оны ғалам сізге қайтарады. Ғалам үшін майда-шүйде деген ұғым жоқ.
- Әр қадам жаңа қадамға жетелейді. Үздіксіз жалғаса береді.
- Алғашқы қадамды біреу бастауы шарт. Жұмыс атқарылуы керек.
- Бірінші және соңғы қадам мәнді емес деуге келмес. Екеуі де істі бітіруге керек болды.
- Өткен-бүгін-келер шақ өзара тығыз байланысты...
7. Түйін қағидасы
- Адам екі затты бір уақытта ойлай алмайды.
- Рухани ілім туралы ойлағанда адам санасын одан төмен ой мазалауы мүмкін емес. Сараңдық немесе ашу тумайды.
8. Алғыс пен қонақжайлылық қағидасы
- Бір нәрсені ақиқат деп танысаңыз, ерте ме, кеш пе соны дәлелдеуге мәжбүрлік туындайды.
- Білімнің тереңдігі осы екі нәрсеге тікелей қатысты ашылады.
9. Тәжірибе. Қағида – қазір және осы сәтте
- Өткенге алаңдау, сараптау адамға қазір және осы сәтте осында болуына кедергі;
- Ескі ойлар, ескі әдеттер, ескі армандар...
- Жаңаны игеруден сақта деген ұстанымнан құтылу керек.
10. Өзгеріс қағидасы
- Тарих қайталана береді. Егер адам одан сабақ алып, дұрыс жол таңдамаса.
11. Сабыр мен сый алу қағидасы
- Әр сый - еңбек етуді талап етеді;
- Бір күнде ұмытыла салмайтын қасиетті сый төзім мен үздіксіз еңбекті талап етеді;
- Жасағың келген нәрсені орындаған кезде шынайы қуанышты сезінесің. Сол кезде күткен сый өзі іздеп табады.
12. Мағына мен шабыт қағидасы
- Жаныңызды салып істеген істен соның қарымтасын қайтарып аласыз.
- Бір нәрсенің шынайы құны оған жұмсалған таза еңбек пен жан жылуын ғана көрсетеді.
- Әрбір жеке салым қаншалықты құнды екені қайтқан дүниеден белгілі.
- Мақтан үшін жасалған жақсылық өзін азайтып алады. Қайтарымы да өнбейтін болады.
- Махаббатпен жасалғанның бәрі өмір туғызады. Шабыттандырады.
Аударған Шынар Әбілдә.