Кәріз құбырынан шала туған ер баланың мәйіті табылды

25 Сәуір 2023, 11:14 588

Павлодар қаласында кәріз құбырынан шала туған ер баланың мәйіті табылды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, 20 сәуір сағат 18.15 шамасында Бакинская көшесінде үйдің жертөледегі кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған ер баланың мәйіті табылды. 

ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп саналады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: