Кәрім Мәсімовке кешірім берілмейді

28 Маусым, 13:04 895

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, танымал адвокат Абзал Құспан өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент жанындағы азаматтарға кешірім сұрау жөніндегі комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты, - деп жазды Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.

Естеріңізде болса, бұған дейін мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім жасау туралы өтініш білдіргені туралы жазғанбыз

Қазіргі таңда Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр.

Айта кетейік, былтыр 23 сәуірде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған еді. Үкімді Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған.

Оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.



Мадина Асылбекова
Бөлісу: