Канвон-2024: қазақстандық керлингшілер Германия спортшыларына есе жіберді

28 Қаңтар, 18:07 811

Туризм және спорт министрлігі Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының 28 қаңтардағы жарыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

28 қаңтарда қазақстандық керлингшілер Мерей мен Ибрагим Тастемір аралас жұптық сында Германиядан келген қарсыластарымен өзара кім мықтыны анықтады. Есеп – 4:8, неміс спортшыларының пайдасына. 

Әзірге қоржынында бір алтын, екі қола медалі бар Қазақстан кестеде 15-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден ұлттық құрама қола жүлдегер атанды.

Жасөспірімдер Олимпиадасы 2 ақпанда мәресіне жетеді. 

Жансая Әділбек
Бөлісу: