Каникулға шыққан депутат Ермұрат Бәпи ауырып қалды

11 Шілде 2023, 15:26 13027

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи денсаулығына байланысты өңірлерге сапарын кейінге қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ермұрат Бәпи құлап, аяғын шығарып алған. Қазіргі таңда ауруханадан шығып, үйінде ем қабылдап жатқанын айтты.

Каникулға шыққаннан кейін ертеңінде аяғымды шығарып алдым. Қазір Алматы қаласында, үйімдемін. Жағдайым бірқалыпты. Ауруханадан кеше ғана шықтым. Денсаулығыма байланысты демалыстамын. Тамыз айынан бастап қызметіме кірісемін, - деді мәжілісмен.

Оқи отырыңыз:

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаттары 1 шілдеден бастап каникулға шықты. Ал 3 шілдеден бастап мәжілісмендердің өңірлерге сапары басталған болатын.

Миражан Махан
Бөлісу: