30 қыркүйекте екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы (76,2 кг) Канело бірінші орта салмақтағы (69,8 кг) абсолютті әлем чемпионы Джермелл Чарломен кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Джермелл 2022 жылдың мамыр айынан бастап қолындағы жарақатына байланысты жұдырықтаспай, енді бірден екі санатқа (7 кг) көтерілді. Бұған дейін Канело екінші орта салмақта WBC белбеуінің иесі, екі жыл бойы жұдырықтаспаған Чарлоның егіз ағасы Джермалмен жекпе-жек өткізетіні туралы қауесет тараған еді. Дегенмен бұл жекпе-жек тарихи болмақ. Өйткені екі қарсылас та – әлемнің абсолютті чемпионы.