1 мамыр күні американдық рэпер Канье Уэст «Talking» әніне бейнебаянын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл нұсқаға оның қызы Норт Уэст режиссерлік еткен. Кадрда оның құрбыларымен қыдырып, әкесімен бірге бокстасып жатқанын көруге болады. Ал бейнебаянның монтажымен және түстерін өңдеумен қазақстандық режиссер, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Медет Шаяхметов айналысқан.
Бейнебаяннан үзіндіні Медет өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялап, желі қолданушылары оның жұмысына тәнті болды.