Канадаға жұмысқа кетпек болған астаналық тұрғын алаяққа алданды

28 Қараша 2023, 12:40 798

Канадаға жұмысқа орналаспақ болған астаналық тұрғын алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы полиция департаментінің Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен алаяқтық жасауға қатысы бар 59 жастағы қала тұрғыны анықталды. Ересек әйел Канадаға жұмысқа орналастырамын деген сылтауымен елорданың 24 жастағы тұрғынының ақшасын иемденгені белгілі болған. Күдіктінің сеніміне кіріп, жәбірленушіні басқа елде тұрумен жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін байланыстары мен арналары бар екеніне сендіргені анықталды.

Ол өз қызметі үшін жас жігіттен алдын ала 203 мың теңге алған. Тергеу барысында полицейлер оның тағы алты астаналықтың ақшаларын иемденіп алдағаны белгілі болған. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Ақшаны беру кезінде аса мұқият болып, қырағылық танытуға кеңес береді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: