Канада Еуропалық одақ құрамына кіруі мүмкін

Кеше, 16:37 240

Канада Еуропалық одақ құрамына енуі мүмкін деген ықтималдылық артып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың наурыз айында жүргізілген Abacus Data канадалық зерттеу компаниясының сауалнамасына сәйкес, ел тұрғындарының 44 пайызы бұл қадамды қолдаса, 34 пайызы қарсы болған. Бұл туралы Цюрихтегі Швейцария Жоғары техникалық мектебінің еуропалық саясат профессоры Франк Шиммельфенниг мәлімдеді.

Канада ЕО құрамына кіруге толықтай құқылы болар еді. Ол қазіргі үміткер көптеген елге қарағанда еуропалық құндылықтарға, басқару құрылымдарына және саясатқа әлдеқайда жақын, – деді Шиммельфенниг Politico басылымына берген пікірінде.

Алайда Еуропалық реформалар орталығы директорының орынбасары Иэн Бонд Канаданың Еуропаға тиесілі екенін дәлелдеу іс жүзінде өте күрделі болады деп отыр. Оның айтуынша, ел еуропалық стандарттарға сай болғанымен, ЕО-ға кіру Канада үшін елеулі экономикалық кедергілер туындатуы мүмкін. Мәселен, одаққа мүше болу үшін Канада АҚШ-пен кедендік шекара енгізіп, еуропалық тарифтер мен импорт шектеулерін қолдануы тиіс. Бондтың пікірінше, мұндай шаралар Канада экономикасына ауыр соққы.

Қазіргі таңда ЕО-ға мүшелікке үміткер елдер қатарында Солтүстік Македония, Сербия, Албания, Босния және Герцеговина, Грузия, Молдова, Черногория, Түркия және Украина бар. Сонымен қатар Еуропалық одақ мойындалмаған Косовоны да үміткер ретінде қарастырып отыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: