Канадаға оқуға түсу жолдары

17 Қазан 2014, 10:26

Канадаға оқуға түсу туралы

Шетелде оқу жоспарда болса, онда Канада назар аударарлық ел. Әлемдік деңгейде танылған университеттері жетерлік. Білім сапасы АҚШ немесе Еуропа университеттерінен кем түспейді. Төменде өмірде болған адамның тәжірибесімен танысасыздар. Ең алғашқы қадам университет таңдаудан басталады. Әлем бойынша мойындалған, және түсу мүмкіншілігі жоғары 4 университет бар:

  1. Торонто университеті (University of Toronto), Торонто;
  2. Британ Колумбиясы университеті (University of British Columbia), Ванкувер;
  3. Макгилл университеті (McGill) Монреаль;
  4. Йорк университеті (York University), Торонто.

Жоғарыда аталғандар Канаданың топ оқу орындары. Алдымен осы университеттертегі мамандықтар тізімін қарап шыққан дұрыс. Егер де сіз қалайтыны болса, құжат тапсыруға дайындала беруге болады.

 

Оқуға тапсыру

Университетке өтінішті қыркүйек-қазан айларында жіберіп бастаған дұрыс. Барлықтарының сайттары бар. Ресми құжаттардан басқа өтініштерді толтыру интернет арқылы орындалады. Бірақ университеттердің өтініш беру үрдісі әркелкі. Кейбіреулері қалыпта ақпаратты: тұрғылықты мекенжай, жас, туған жылы, қайда оқығанды талап етсе, кейбіреулері оқудан бөлек қосымша немен айналысқаныңды сұрайды. Бір атап өтетін жайт, университетке қабылдауда спорттық жетістіктер де маңызды орын алады.

Университетке беретін өтініштің ең маңызды бөлігі – жеке профиль (personal profile). Талапкер туралы жеке ақпарат. Өзіңіз туралы ұсынған ақпарат университетті қызықтыруы керек. Жеке профиль 4 сұрақтан (UBC) тұрады. Әр сұраққа жауап кемінде 200 сөзден тұруы керек.


  1. Explain how you responded to a significant challenge that you have encountered and what you learned in the process. (Maximum 200 words).
  2. Describe your most significant leadership experience. Why do you consider this your most significant role? (Maximum 200 words)
  3. Tell us about an experience, in school or out, that caused you to rethink or change your perspective. What impact has this had on you? (Maximum 200 words)
  4. Describe your most significant group work experience including the role you played and your contributions. (Maximum 200 words)

 

Сұрақтар өте қызық. Өзіңізді жақсылап сипаттап берсеңіз, соғұрлым мүмкіндігіңіз артады. Қабылдаушы комиссия ең бірінші кезекте жеке профиль құжаттарына назар аударады (TOEFL/IELTS кейін). Өзің туралы ақпаратты жазып біткеннен кейін аттестат көшірмесін жүктеу қажет. Кейін аттестаттың расталған көшірмесін жіберуді сұрайды. Ондай жағдайда нотариуске барудың қажеті жоқ. Директор немесе оқу ісі бойынша орынбасардың рұқсатнамасы бола береді. Бағалар бар құжаттың барлық беттері мен конвертте қолтаңба (рұқсатмана) және мөр болу керек.

Аттестат бағалары жақсы, біраұ ағылшын тілімен қиыншылықтары бар оқушыларға арналған арнайы ESL (English as second language) колледжі бар (Британдық Колумбия университетінде). Ал колледжде оқу ақысы $48 000. Төлем ішіне тұру, тамақтану, оқуға арналған құралдар, оқу құны толық кіреді. Канада мемлекетінде шетелдік студенттерге арналған гранттар жайында мына сілтеме бойынша біле аласыз. 

Бөлісу: