Камиль Ақатов Катардың білім және жоғары білім министрімен кездесті

7 Қыркүйек 2023, 21:38 943

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов Катар мемлекетінің білім және жоғары білім министрі Бутайна бинт Әли әл-Джабр Әл-Нуаймимен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу аясында ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде екі ел арасында тәжірибемен алмасу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Камиль Ақатов Катар министрін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан Қазақстанға сапармен келіп, жоғары білім саласында өткізу жоспарланған іс-шараларға қатысуға шақырды.

Перизат Саденова
Бөлісу: