Кальяны бар мейрамханаларға салынатын айыппұл өседі

14 Наурыз, 14:07 609

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева еліміздегі кальяны бар мейрамханаларға жаза күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды EL.kz  ақпарат агенттігі.

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға  басқа нормалар қолданылады. Олар да дәстүрлі темекілер секілді реттеліп отырады. Оны қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салынады, әкімшілік айыппұл қарастырылған, - деді Гүлнар Сәрсенбаева.

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасарының айтуынша, қоғамдық орындарда кальян тұтынуға тыйым салынғанына қарамастан, оны азаматтар бар мен мейрамханаларда еркін пайдаланып жүр.

Бұл ретте, Парламент Мәжілісінің депутаттарымен әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс шеңберінде айыппұл сомасын көбейту нормаларын пысықтаймыз. Бүгінгі заңнама тұтынушыға қатысты ғана шараның қолданылуын реттейді, бірақ бұл темекі бұйымдарын тұтынуға жол беріп отырған рестораторлар мен кәсіпкерлерге нормалар жоқ. Сол себептен Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс шеңберінде жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныстар енгізілді. Сондай-ақ айыппұл сомасы да, рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма да күшейетін болады, - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар Гүлнар Сәрсенбаева бұл тұрғыда жаңа нормалар аясында айыппұл сомасын арттыру бойынша мәселе әлі пысықталады деп отыр.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: