Кадрлар ауысады деп ойлаймын – Ақан Абдуалиев

21 Қараша 2022, 19:25 1901

Оның айтуынша, әрбір азамат дауыс бергенде сайлауалды бағдарламамен танысуы тиіс

Президенттік сайлау нәтижесі шыққаннан бастап, түрлі ақпарат көздерінде толассыз пікірлер ағыла бастады. Елдегі айрықша оқиға ретінде тарихта қалатын сайлау жайлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Абдуалиев те ойын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Жаңа Қазақстанның ұстанымына қарай әділетті сайлау өтті. Жаңа реформалар бойынша өткен дауыс беру уақытында әрбір азамат өзіне артылған жауапкершілікті сезіне білді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс бергендердің 80 пайыздан астамы елдің болашағына үлкен үмітпен қарайтын жандар. Бұл арқылы Президенттің сайлауалды жасаған бағдарламасымен танысып білгендер, енгізілер өзгерістерге оң қарайтындарын жеткізді деуге болады», – дейді Ақан Абдуалиев.

Оның айтуынша, кешегі күн – мемлекетте орын алар саяси реформалардың барлығы азаматтық қоғаммен бірлесе отыра жүзеге асатынының дәлелі болды. Енді Президенттің сайлау алды ұсынған платформасын ресми түрде халыққа жариялауы күтілуде.

«Биылғы сайлаудың ерекшелігі айтпаса да бәріне мәлім. 7 жыл аз уақыт болмаса да, барлық саланы қамту мүмкін емес деп ойлаймын. Енді түбегейлі кадрлар ауысымы болуы мүмкін. Мемлекет басшысы жастарды билікке тарту керек деген болатын. Себебі қазір жастар дипломатиядан алыстап бара жатыр. Барлығына қарсымын деген пункттің пайыз есебінде екінші орында тұрғаны да өкінішті. Адамның бәрі бірдей болмаса да, қоғам арасында елдің болашыған бейжай қарайтындар бар екені еңсені түсіреді»,– деді ол.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: