5 Тамыз 2014, 11:51
Біз өміріміздің төрт ширек уақытын басқа адамдрға ұқсау үшін кетіреміз. Артур Шопенгауер.
Жетістік – бұл бүкіл әлемде қалыптасқан стандартқа сай болмау. Бұл үздіксіз даму және ӨЗ жеке мақсаттарына жету үшін ұмтылыс. Джон Вон Эйкен.
Өзіңіз сүйетін ісіңізбен айналыссаңыз және одан да жақсы болуға ұмтылсаңыз, нәтижеге жетесіз. Брайан Трейси.
Жетістік – ол энтузиазмді жоғалтпай, сәтсіздіктен сәтсіздікке дейін қимылдай білу. Уинстон Черчилль.
Тарих көрсеткендей, ең танымал жеңімпаздар жетістікке жетудің алдында бастапқыда үлкен қиындықтар көрген. Олар жеңілуді қаламағандықтан жеңіске жетті. Берти Чарльз Форбс.
Өз сана-сезіміңізді өзгерте отырып, Сіз өз Әлеміңізді жасайсыз. Уинстон Черчилль.
Ой өрісі тар адамдар сәттілікке сенеді, күшті адамдар себеп – салдарға. Ральф Уолдо Эмерсон.
Адам суретті қолмен емес миымен салады. Микеланджело.
Сен туралы не ойласа да, сен әділетті деп санайтын ісіңді жасай бер. Пифагор.
Қимыл дұшпанның оғына қарсы нағыз қалқан. Шығыс даналығы.
Сіздің амандығыңыз Сіздің жеке шешімдеріңізге бағынышты. Джон Рокфеллер.
Бір нәрсені істегің келсе, арманың болса – оны іске асыруға кіріс. Батылдықта кемеңгерлік, күш және сиқыр бар. Иоганн Вольфганг фон Гёте.
Өзгерістер желін сезген адам, желден қорғаныс емес, диірмен салу керек. Мао Дзэдун.
Мақсаты бар баяу қадам жасайтын адам, мақсатсыз жүрген адамнан озып кетеді. Готхольд Эфраим Лессинг.
Егер Сіз өзіңізде болмаған нәрсені қаласаңыз – ешқашан істемеген істі жасай бастаңыз. Ричард Бах.
Егер сені мақтаса, онда білгенің жөн, сен әлі де болса өз жолыңда емессің, басқалар үшін ыңғайлы жолдасын. Фридрих Ницше.
Егер сіз көпшіліктің жағында екендігіңізді байқасаңыз, демек бұл сізге өзгеру керек деген белгі. Марк Твен.
Өмірде қуанышты табуға үйрен – бұл бақытқа жетудің ең жақсы әдісі. Бенджамин Франклин.
Адамгершілігі барлар, басқаларға тірек болады, осыны өздері де қалайды, басқаларға жетістікке жетуге көмектеседі, өзі де сол жетістікке жетуді қалайды. Конфуций.
Басқаларды өзіңізге бағындырғыңыз келсе – өзіңізден бастаңыз. Вовенарг.
Мысал - бұл басқаларға ықпал етудің бастысы емес, бұл жалғызы. Альберт Швейцер.
Өзіңе және отбасыңа жететіндей ақшаға ие болуды қаласаң – өзің жұмыс істе. Болашақ ұрпағыңның жағдайын жасағың келсе – адамдарды саған жұмыс істеуге мәжбүр ет. К. Маркс.