3 Қараша 2015, 10:55
Сәнді киімдер, көздің жауын алар әшекей бұйымдар, соңғы технологиялар... Кейбір адамдар дүкен сөрелерін аралап, аса қажеті жоқ болса да, өздеріне ұнаған заттарды сатып алуды жөн көріп жатады. Қызыл-жасыл жарнамаға алданып, «сатып алу» процессін қажеттіліктен емес, қызығушылықтан жасайтын адамдардың ісін қалай түсіндіруге болады?
Австралиялық психиатрлардың айтуы бойынша, мүліктік тәуелділік – 21 ғасырдың қауіпті дерттерінің бірі. Қарапайым тілмен айтқанда, «шопоголиктер» дерті. Бұл құмарлықтың түп-тамырын зерттеген олар, індеттің басты себебі – жалғыздық пен махаббаттың жоқтығы деседі.
Шопоголизм немесе ониомания ежелгі грек тілінде «ессіз» және «сатылым» дегенді білдіреді екен. Әсіресе әйелдерге тән «ессіз сатып алу» үрдісін алғаш рет XIX ғасырдың соңында психиатр Эмиль Крепелин сипаттап берген.
Олар өмірлеріне, жұмыстарына, қоршаған ортасына, дене бітіміне көңілдері толмайды. Қуанышты сәттерді тек жаңа киімдерден, ойыншықтардан, ұсақ-түйек заттардан алады.
Ересек адамдарды мазалайтын мәселелердің бастауы балалық шақтағы бақытсыздық пен ата-анасының көңіл бөлмеуінен деп те жатады. Кезекті сатып алынған нәрсе «серотонин» гармонын тудырып, иесіне «бақыт» сыйлайды, «сәбише қуантады».
Адам бойындағы ониомания немесе «шопоголизмнің» қалай алдын алуға болады? Орынсыз сатып алынатын заттардан қорғану үшін, бірнеше ережелерді ұстанса жеткілікті.
Қазіргі таңда, әлем бойынша бұл құмарлықтан зардап шегіп жүрген адамдардың саны күрт өсіп келе жатыр. Мысалы, бір тек АҚШ-та 60 миллион, Ұлыбританияда 800 мың, Ресейде халықтың 3% ониомания ауруына шалдыққан екен.
Ониомания – өздігінен сауығып кете алмайтын психологиялық ауру түрі. Қоршаған ортаңызда осындай дертке тап болған достарыңыз бен туыстарыңыз болса, психолог мамандардың көмектеріне жүгінгеніңіз абзал.
Ұлболсын Мұхамбетқали