Көркем гимнастика шеберлері Азия чемпионатында 13 медаль ұтып алды

1 Шілде 2022, 22:20 2986

Жасөспірімдер қос бағытта да бірінші орынға тұрақтады.

Қоржында 13 медаль. Оның 6-ауы алтын. Қазақстандық көркем гимнастика шеберлері Азия чемпионтынан осындай олжамен оралды, деп хабарлайды Еl.kz.

Оларды елорда әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. Ересектер мен жасөспірімдер арасындағы бәсеке Тайландттың Паттайя қаласында өтті. Қазақстан құрамасы командалық және көпсайыс жаттығуларда жақсы өнер көрсетті. Әсіресе жасөспірімдер қос бағытта да бірінші орынға тұрақтады. 

Ал жекелей сында Милана Парфилова топ жарды. Айым Мейіржанова мен Эрика Жайлауова күміс жүлдегер атанды. Ересектердің де көрсеткіші жаман емес. Қазақстан құрамасы командалық біріншілікте 2-ші орынға тұрақтаса, көпсайыс бәсекесінде үздік үштікті түйіндеді. Ал шымкенттік Елжана Тәниева лентамен жаттығуда алдына жан салмай, Азия чемпионы атанды.

Бөлісу: