Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

9 Қыркүйек 2022, 16:15 1060

Әлем чемпионаты 14-18 қыркүйек аралығында өтеді

Болгарияда көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді. Olympic.kz сіздің назарыңызға Қазақстан командасының құрамын ұсынады, деп хабарлайды El.kz

Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы жеке жарыстарда медальдар үшін күреседі.

Топтық жаттығуларда ел намысын Рената Жолдинова, Сағина Мұратқызы, Әсел Шүкірбай, Айдана Шаяхметова, Аружан Касенова және Роза Абитова қорғайды.

Әлем чемпионаты 14-18 қыркүйек аралығында өтеді.

Бөлісу: