Күніне қанша кофеин тұтынуға болады?

11 Тамыз 2014, 04:30

Күнделікті өмірде кезігетін заттарды құраушы заттарды біле бермейміз. Мысалы, кофеин жайында.

Күнделікті өмірде кезігетін заттарды құраушы заттарды біле бермейміз. Мысалы, кофеин жайында. Ол кофе не шай секілді сусындардың ішінде кездеседі. Оны танымал сусындарға қосып жатады. Қандай рөл ойнайды. Газдалған сусындарда нақты қандай зат сергектік сыйлайды.

 

Кофеин деген не?

Кофеин ( матеин, гуаранин) – бұл кофе дәндерінде (1–2%), шай жапырақтарында, какао-бобтарда және басқа да азық түрінде кездесетін алколоид.

Кофеин адам ағзасына қалай әсер етеді?

Орталық жүйке жүйесін қоздыратын жеңіл психомоторлық қасиетке ие. Тәжірибе жүзінде кофеинның әсері зерттелген болатын. Кіші көлемде кофеин мидың әрекет етуін арттыра алады. Мидың биоэлектрлік белсенділігі, ағзаның тітіргендіргішке жауап беру жылдамдығы, физикалық және мидың жұмыс істеуі артады. Қазіргі таңда сусындардың басым бөлігіне осы зат қосылады. Сусындардың 85–99%-ы судан тұрады. Сол себепті кез келген сусынды ішу ағзаның су балансын қалпына келтіреді. 1990 жж. кофеині бар сусындардың ағзаға кері ықпалын төмендету үшін, кофеиннің дегидратациялау үрдісін тоқтата алатындай көлемде су ішу керек деп есептелген. Кейін зерттеулер жүргізіліп (Ann Grandjean et al, JACN 5:591-600, 2000) ағзаға суды қайдан алса да, пайдалы болып қала береді деген қорытындыға келген. Ағза өзіне қажетті су мөлшерін бөліп алады. Әдетте кофеині бар сусындардың бүйректі айдайтын қасиеті бар. 1-4 күннің ішінде адам ағзасы жаңа сусынға үйреніп кете алады.

Күніне қанша кофеин тұтынуға болады?

Әдетте 150 мг көлемінде. Бірақ бұл аз ба, көп пе, соны анықтайық. Табиғи кофе кесесінде (100 мл) 50 мен 200 мг арасында кофеин мөлшері бар. Қара шайды кесесінде (200 мл) 8-24 мг болады. Кейбір газды сусындар шығаратын компаниялар өз өнімдеріне кофеин қосып жатады. Бұл адамға сергектік беру үшін емес, сусында дәмдірек ету үшін. Сол себепті Coca-Cola секілді сусындарда кофеин пайдаланылады. Бірақ аз мөлшерде, шамамен 100 мл-ге 10 мг. Осындай мөлшерде мидың жұмысына қатты әсер ете қоймайды. Көбісі біле бермейтін факт, кофеиннің дәмі қышқыл келеді. Coca-Cola-ғы сергітетін әсер беруі қантқа байланысты. Ол глюкозаға дейін еріп, миға энергия береді. Бірақ бүкіл заттар секілді, қантты да мөлшерімен пайдалану керек. Кофеинді мөлшерінен көп пайдалану немесе қантты бар тағамдарды тұтыну адам ағзасына кері әсер етеді. Артық салмақтың жинақталуына алып келеді. Сонымен қатар миға да зақым келтіреді. 

Бөлісу: