Көне Тараздан киелі Түркістанға дейін

1 Қазан 2019, 16:04 2919

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының бірқатар белсенділері мен өңірлік этнос өкілдерінің жас мүшелері «Елтану» туристік-өлкетану экспедициясы аясында ежелгі Тұран - қазіргі Түркістан – көненің көзі, асылдың сынығы қалған, бүкіл қазақ жұртшылығының ақсүйектері жерленген қасиетті мекенге саяхат жасап қайтты.


Көне Тараз шаһарынан ежелгі Түркістанға бет алған жастардың керуені жол бойында еліміздің оңтүстік астанасы саналатын шырайлы Шымкент қаласына тоқтап, жергілікті ассамблеяның жастарымен жүздесті.

Экспедиция мүшелері Қожа Ахмет Яссауи, Рабиға-Сұлтан Бегім кесенелері, Хильвет жер асты мешітіне, Шәуілдір ауылындағы Арыстан-Баб кесенесі (Қ.А. Яссауидің мұғалімі және рухани тәлімгері), Отырар қалашығы (археологиялық қазбалар), Отырар тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.

Бөлісу: