КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛУ

19 Тамыз 2014, 08:33

Қазақ халқының байырғы тұрмыс-тіршілігі жөніндегі деректерде ұлдың он үш, кей жерде ұлдың да, қыздың да он бес жасқа жетуі К. т. деп саналған.

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛУ – жасөспірімнің белгілі бір жасқа жетіп, қоғам алдында өз ісіне жауап бере алатын, қоғамдық өмірге араласа алатын шағы. Ұл мен қыздың бойы өсіп, бұғанасы қатқан, ақыл-ойы мен рухани-моральдік жағынан жетілген, өз ақылымен шешім қабылдап өмір сүретін, өзінің іс-әрекетіне, жасаған қылмысына толық жауап бере алатын, заңды некеге тұруға жеткен шағын кәмелеттік жас, кәмелеттік шақ деп атайды. Кәмелеттік жас тура- лы қазақ тұрмысында ислам діні енген кезеңге дейін және ислам дінімен байланысты, сонымен бірге еуропалықтар әсерінен қалыптасқан өлшемдер бар. Қазақтың байырғы тұрмысында К. т., кәмелеттік жас туралы он үш, он бес, он алты, он сегіз тіпті жиырма бес жас аталады. Мәселен, Шал ақын:

Жиырма бес – кәмелетке келген жасым,

Қырықта қынсыз қылыш болған басым.

Елуде екі көзің елең етер,

Алпыста ақ сақалды шал боласың, –

дейді. Ал қазақтың мифтік әңгімелерінде қыздың К. т. – он сегіз жас.

 

Кәмелетке толған бала. Типы народностей Средней Азии фотоальбо- мынан Архив РГО Раз.112, оп.1. №247

Қазақ халқының байырғы тұрмыс-тіршілігі жөніндегі деректерде ұлдың он үш, кей жерде ұлдың да, қыздың да он бес жасқа жетуі К. т. деп саналған. Он бесте немесе он үште отау иесі деген сөз осыған байланысты шыққан. Кәмелетке толған бала өз алдына шаруашылықпен айна- лыса бастайды. Кәмелет жасқа толмаған баланың өзіне бөлінген еншіге иелік етуіне, оны өз еркінше пайдалану- ына, сатып алуға, сатуға немесе қарыз алып, қарыз беруге құқығы жоқ. Көп жағдайда ұл мен қыздың он бес жасқа толуы кәмелетке толған болып есептелген. Егер әкесі қайтыс болып, анасымен қалған бала шаруаға икемді, пысық болса, оған қамқоршы жалдамаған.

Әдетте, кәмелеттік жасқа жеткен адам балалық шақтағыдай албырттық пен қызығушылыққа бой ұра бер- мей, салмақты бола түседі. Бұл шақта адам мақсатына же- туге мүмкіндігі бар қайратты, жігерлі, төзімді бола бастай- ды. Қазіргі уақытта он сегіз жасқа толғанда кәмелетке тол- ды деп есептеледі. Кәмелеттік шақта адамның бейімділігі мен қабілет-қарымы мейлінше ашыла түседі.

Әдеб.: Алекторов А.Е. О рождении и воспитании детей у киргизов, о правах и власти родительской // ОЛ. 1891. №№31, 33; Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Даринской области // Юридический быт. Ташкент: Типо-литография С.И. Лахтина, 1889. С.13; Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов (этнографические очерки). Алматы: Ка- захстан, 1998; ҚР МОМ – материалдарынан; ОМЭЭ – материалдарынан.

«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен  атауларының дәстүрлi жүйесi»

Бөлісу: