Көкшетаулық студенттер киізден түрлі бұйым жасаудың қыр-сырын меңгерді

11 Ақпан 2019, 10:08 2659

Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының қолөнершілері колледж студенттеріне арнап киізден бұйым жасаудан шеберлік сабағын ұйымдастырды. 

ҚХА жанындағы Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің одағы ұйымдастырған шеберлік-сабағында Көкшетау қаласы, Красный Яр селосының №3 агротехникалық колледжінің студенттері жүннен әдемі бұйымдар жасау ісі туралы көп жаңа мағлұмат алды.

Одақ шебері Гүлнар Орынбаева колледж студенттерін жұмысқа тарта отырып, тегіс жүнді байланыстыру және тоқу арқылы түрлі бұйымдар жасаудың бірнеше техникасы туралы айтып берді. Болашақ тігінші, есепші мамандығындағы білім мекемесінің қыздары, киізден бұйым жасаудың құрғақ, дымқыл, тоқыма сынды түрлі тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, Гүлнар Мырзағалиқызының бастамасымен өздерінің тұңғыш «жауһар туындылары» атт ыкиізден дайындалған «Көтеріңкі көңіл-күй» панносын жасап шығарды.

 «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Алтынай Күлжанова қазақтың «сырмақ» секілді ұлттық ою-өрнегінің тарихын баяндап, астаналық «Пирамида» мен ұлттық оюды не байланыстыратыны туралы айтып өтті.  

Одан бөлек, шеберлік сабағының барлық қатысушылары келген қонақтан ақпандық «сыбаға» - тәтті алмаларды сыйға алды. Себебі, қазақ дәстүрі бойынша қонаққа құр қол баруға болмайтыны тағы бар.  

Бөлісу: