Көкшетаудың Достық үйі – жас жұбайлардың ерекше құрмет көрсететін орындарының бірі

22 Шілде 2019, 10:15 4146

Көкшетауда қаланың әр тұрғыны білетін, кемінде бір рет барған әдемі де көрікті жерлер көп. Сондай орынның бірі – Достық үйі.


Қопа көлінің жағасында орналасқан қызықты сәулет ансамблі бұрыннан қала қонақтары мен тұрғындарын өзіне тартады. Ал бірлескен өмірге қадам басқан жас жұбайларға Достық үйінің қасында суретке түсу – мерекелік іс-шараның ажырамас нышаны.


«Көкшетау – менің туған өлкем» жобасын жүзеге асыру аясында Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қаланың жас жұбайларына Достық үйі бойынша экскурсия ұсынды.

Жас жұптар және оның қонақтары облыстық ассамблеяның қызметімен танысып, Қазақстанның түрлі этностарының салт-дәстүрлері, оның ішінде үйленуге қатысы жөн-жоралғы туралы жан-жақты ақпаратпен танысып жатады.


Соңында жас жұбайларға аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясынан ақ бата беріліп, естелік кәдесый тартылды.

«Сіздер тәуелсіз Қазақстанның келешегісіздер. Осы күн жаңа отбасы құрудың басы болып қана қоймай, өз халқының дәстүрлерін жалғастыруға, балаларыңызды құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеуге мүмкіндік берсін!»

Бөлісу: