Көкшетаудағы өртті сөндіру үшін тікұшақпен 75 тонна су шашылды

26 Қыркүйек 2022, 11:05 1423

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді

 «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Көкшетау тауындағы өртті сөндіру кезінде 75 тонна су ағызды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

25 қыркүйек күні Көкшетау тауында өсімдіктердің жануын сөндіру барысында өрттің таралуының алдын алу мақсатында ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Тікұшақ Бурабай кентіндегі Айнакөлден су тиеп, өрт ошақтарына әуеден 75 тонна су ағызды.

«Қазавиақұтқарудың тәжірибелі ұшқыштары өртті ауадан сөндіру кезінде барынша тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін отпен күресте шеберлік пен ептілік танытқанын атап өту қажет. С у ағызу кезінде ұшқыштар құрамы ағызу биіктігін қатаң бақылауы тиіс. Егер ағызу биіктігі жану орнынан тым жоғары болса, онда суды шашу кезінде ол буға айналып, тиімділігі төмендейді. Ал тым төмен биіктікті алған жағдайда, өсімдіктер мен талдар су төгетін құрылғыға тиіп кетіп, кедергі тудыруы мүмкін. Сондықтан ұшу алдында ұшқыштар құрамы өрт болып жатқан жерді зерттейді және отпен күресудің тиімділігін арттыру үшін қажетті биіктікті дәл есептейді», - деп жазды ТЖМ-нан.

Су ағызу құрылғылары бар тікұшақты қолдана отырып өртті сөндіру үшін ұзындығы 27 метр ұзын арқанда ілініп тұрған су ағызу құрылғысының шайқалуын болдырмау үшін ұшқыштар құрамынан жақсы ұшу техникасы талап етіледі. Сонымен қатар, таулы, ойлы-қырлы жерлерде желдің әсерінен су ағызу құрылғысы шайқалып, өрт орнына төгілу дәлдігін төмендетуі мүмкін. Сондықтан Қазавиақұтқарудың ұшқыштар құрамы әуе кемесін тербелуге жол бермейтіндей, тіпті желдің әсерінен судың өрт ошағына барынша түсуін қамтамасыз ететіндей етіп басқарады.

Бөлісу: