Көкшетауда ҚХА католиктердің Рождествосын атап өтті

25 Желтоқсан 2019, 17:07 2022

Көкшетауда Қазақстан Республикасындағы ГФР елшілігінің қолдауымен «Видергебурт» Ақмола облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі Рождестволық мереке өткізді.


Жиналған қауымға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева, Қазақстандағы ГФР елшілігінің мәдениет және саясат бөлімінің басшысы В. Гольдман өз құттықтауларын жеткізді.


Көрермендер назарына халықтық-қолданбалы шығармашылық көрмесі, Аяз Ата мен Ақшақардың және басқа да ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен «Рождестволық ертегі» театрландырылған қойылымы ұсынылды.


Мерекелік концертке Ақмола облыстық филармониясының симфониялық оркестрі мен солистері, балалар музыка мектебінің оқушылары қатысып, неміс және шетел сазгерлерінің заманауи және классикалық туындыларын орындады. Мереке соңында ұйымдастырушылар барлық көрермендерге жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.


Бөлісу: