«JOLTAP» жобасы: 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

30 Қазан, 06:15 303

Астанада «JASTAR FEST» ауқымды фестивалі өтті, оның аясында «JOLTAP» әлеуметтік жобасының жетекшісі Дана Жүнісова жастарға цифрлық кәсіптерді оқыту және жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы толығырақ айтып берді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып  El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дана Жүнісованың айтуынша, «JOLTAP» әлеуметтік жобасы тегін курстардан өтуге, өмірден өз жолын табуға және табысын арттыруға мүмкіндік береді.

«JOLTAP» жобасы аясында 18 қысқа мерзімді курс ұсынылады: 8 цифрлық және 10 жұмысшы мамандығы. Мысалы, тігінші, бариста, майды автокөлік майын ауыстыру және шиномонтаж, мобилография, SMM, таргетинг, видеомонтаж, графикалық дизайн курстары. Айта кету керек, курстар тегін өткізіледі, - деді жоба басшысы.

Жоба жетекшісі айтқандай, елордада оқуға жазылуға болатын бірнеше модульдік пункт жұмыс істейді.

Оқу курсқа байланысты 5-тен 22 күнге дейін созылады. Оқудан кейін сертификат беріледі, шығын материалдары мен жабдықтар беріледі. Курс аяқталғаннан кейін біз жастарға JUMYSTAP платформасында орналасқан жұмыстарға орналасуға көмектесеміз. Платформада елорданың 1600 жұмыс берушісінен 2000-нан астам өзекті бос жұмыс орындары ұсынылған.

JUMYSTAP платформасын қазірдің өзінде 10 мыңнан астам адам пайдаланады, - дейді Дана Жүнісова.

Ол сондай-ақ жоба жұмыс істеген жылы модульдік пунктерге 24 мыңнан астам адам жүгінгенін, оның 20 мыңы оқуға жазылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта 8 мыңға жуық адам оқудан өтті.

Естеріңізге сала кетейік, елордада «JASTAR FEST» жастар фестивалі өтті, ол елорда әкімдігі мен қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: