"Jingle Bells"-тың қазақстандық нұсқасы жарық көрді

9 Желтоқсан 2014, 11:27

Классикалық кроссовер стилінде ән айтатын қазақстандық Mezzo (Итальян тілінен «Ортасы» деген мағына) вокалдық тобы атақты «Jingle Bells» әнінің жаңа кавер-нұсқасын өздерінің YouTube парақшасымен бөлісті.

Классикалық кроссовер стилінде ән айтатын қазақстандық Mezzo (Итальян тілінен «Ортасы» деген мағына) вокалдық тобы атақты «Jingle Bells» әнінің жаңа кавер-нұсқасын өздерінің YouTube парақшасында бөлісті.

Қазақстандық «X-Factor» телебайқауының жеңімпазы, бұл топтың айырмашылығы  – шығармалары классикалық музыка мен поп музыканың синтездік элементтерінен тұратындығында. Бұған дейін Андреа Бочелли, Иль Диво, Джош Гробан, Алессандро Сафина, Элтон Джон, Элвис Пресли және Френк Синатралардың әндеріне кавер жасаса, енді осы тізімге әлемге әйгілі Джеймс Лорд Пьерпонттың «Джингл Беллс»-ы да қосылды. 

Бөлісу: