Jibek Joly турына кіретін көрікті жерлер тізімі жарияланды

20 Қараша, 04:26 377

Туризм және спорт министрлігі Jibek Joly туристік пойызының турына кіретін көріктер жерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Jibek Joly туристік пойызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, туризмді дамыту стратегиясы аясында іске асырылды. Онда саяхатшылар Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи орындарына саяхаттай алады. Олардың тізімі төмендегідей:

Түркістан (Қазақстан):

Арыстан-Баб кесенесі;
Ежелгі Отырар қаласының археологиялық қазбалары;
«Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (ЮНЕСКО нысаны);
«Керуен-сарай» туристік кешені.

Ташкент (Өзбекстан):

Хазрати-Имам кешені;
Төле би кесенесі;
Әмір Темір және Тәуелсіздік алаңы;
«Навруз» этнографиялық паркі;
Jasorat мемориалы және «Бақытты ана» ескерткіші;
Magic City ойын-сауық саябағы.

Jibek Joly туры – Орталық Азия мәдениетінің байлығын аша отырып, ежелгі өркениеттер мұрасы мен қазіргі заманды үйлесімді түрде біріктіреді.

Перизат Саденова
Бөлісу: