Израильдің көлік-логистикалық компаниялары өкілдерімен кездесу өтті

8 Тамыз, 02:36 467

Көлік министрлігінде көлік, логистика және инфрақұрылым саласындағы жетекші израильдік компаниялардың (Value LBH, Dan Capital, Dan Group, DHV MED, Lesico Ltd., Sorek Desalination Plant) басшыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Израиль арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту үшін оңтайлы мүмкіндіктерді саралады.

Бұл ретте көлік, технология және көлік жүйелерінің инновациялары, теңіз және құрлық логистикасы және т.б. өзге салалардағы перспективалық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ең негізгі даму бағыттары бойынша тығыз байланысты жалғастыру және өзара іс-қимылды нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: