Израиль әскері «Хезболла» басшысының көзін жойғанын мәлімдеді

28 Қыркүйек, 18:20 493

Израиль әскері ливандық «Хезболла» ұйымының басшысын өлтіргенін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Еврей елінің қорғаныс әскері бұл туралы ресми мәлімдемесінде жария етті. Ондағылар Хасан Насралланы көздегендерін айтады. Сөйтіп, ұйымның Бейрут іргесіндегі бас пәтерін әуеден соққылаған. Ол кезде бірлестік басшылығы ғимарат ішінде болған.

Еврей елінің өкілдері шабуыл кезінде жетекшісінен бөлек топтың командирлері де қаза тапқанын айтады. Бірақ әзірге «Хезболла» мүшелері бұл ақпаратты растаған жоқ. 

Насралланың қазасымен бәрі бітті деген сөз емес. Солтүстік шекарамыз болсын, оңтүстігімізде болсын, Израильге қауіп төндіргендердің барлығына қол жеткіземіз, - деді Израиль қорғаныс әскері бас штабының басшысы Герци Халеви.


Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: