Іздеуде жүрген алаяқ әйел грек аралында ұсталды

15 Қараша, 09:35 352

️Іздеуде жүрген күдікті қазақстандық әйел грек аралында ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеу жарияланған алаяқты ұстады.

Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы Алматыдағы ЖШС-ның бірінің есепшісі болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.

Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: