Ізбасқан Шоланұлы: Жыл сайын 15 машинистті жолаушылар пойызына дайындаймыз

13 Қазан 2014, 06:37

Уақыт талабына сай жаңарып, жұмыс тәсілдері жанданып келе жатқан Қызылорда локомотив пайдалану депосының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен өткен тарихы төңірегінде пайдалану цехының бастығы Ізбасқан Сүйіновпен аз-кем әңгімелескен едік.

Уақыт талабына сай жаңарып, жұмыс тәсілдері жанданып келе жатқан Қызылорда локомотив пайдалану депосының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен өткен тарихы төңірегінде пайдалану цехының бастығы Ізбасқан Сүйіновпен аз-кем әңгімелескен едік.

-Ізбасқан Шоланұлы, локомотив пайдалану депосы қай жылдары құрылды? Кәсіби жұмысшы құрамы қалай жасақталды? Жалпы өткені мен бүгінін жалғастырып тұрған жетістіктері төңірегінде айта отырсаңыз?

-1906 жылы Перовск (Қызылорда) паровоз депосы боп құрылған болатын. Ол кезде небәрі 159 жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек етті. Олардың көбісі Тамбов, Самара, Саратов және Воронеж қалаларынан келген ежелгі теміржолшылардың әулетінен еді. Депо ұжымын ұйымдастыру тұсында Перовскіде кәсіби жұмысшы қолы, маман-теміржолшылар аз болды. 1960 жылдан бастап бұл тепловоздар ұзартылған Қызылорда-Арыс- Қандыағаш- Қызылорда телімінде бригадалардың алмасуымен пайдаланыла бастады. Жоспарлы жөндеу жұмыстар Қызылорда депосында жүргізілді. Кейіннен батыс бағытына барар жол қысқартылып, Қазалыдан бері қайтатын болды. Шиелі айналым депосы жабылды. Ғасырлық тарихында Қызылорда локомотив депосы қашан да еңбек жеңісінің тұғырлы биігінен көріне білген ұжым. 2007 жылы депо ауласында жаңадан осы заманға сай қызметкерлерге арналған ғимарат салынып іске қосылды. Ескі ғимараттардың барлығы қазіргі таңда күрделі жөндеуден өткізілген.  2011 жылдың қорытындысы бойынша «Локомотив» АҚ бойынша Қызылорда локомотив пайдалану депосы «Үздік филиал» атағын иеленді.  2012 жылы ақпан айынан бастап ТЭ -33 А «Эволюшен» тепловоздарын игеру бастал

- Ұжымның міндетіне қандай қызмет түрлері кіреді?

-Локомотив пайдалану депосының негізгі міндеттері: пойыздардың қауіпсіздігін сақтап, жолаушылар және жүк тасмалы процесін қамтамасыз ету. Дер кезінде жолаушылар және жүк пойыздарына тепловоздарды дайындау, уақытында жоспарлы жөндеуге ағытып, жұмысқа қосу. Аталмыш жұмыстарды машинистер мен машинист көмекшілері абыроймен атқарып келеді. Депода барлығы 358 машинист, 324 машинист комекшісі бар. Олардың арасында 1-класты 27 машинист, 2-класты 102 машинист қызмет етуде.

-Өзіңіз білесіз бүгінде еліміздің барлық аймақтарында «Тальго» пойызының жүруіне жолдар жөнделіп, ағаш шпалдар, темір бетон шпалға ауыстырылып жатыр. Ал, ол пойыздарды жүргізуге машинистеріміз дайын ба?

  -Әрине әрбір жаңа техника келердің алдында біз машинистерімізді Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды қалаларындағы арнайы курстарда окытып, білімдерін көтереміз. Басқа аймақтағы әріптестерімізбен тәжірибе алмастыруға жібереміз. Жолаушылар пойызына отыратын машинист міндетті түрде 1-2 класты машинист болуы шарт. Жылына 15 шақты машинисті жолаушылар пойызына дайындаймыз. Сонымен қатар өзімізде арнайы техникалық кабинет жасақталған. Оған арнайы машинист нұсқаушысы бекітілген. Сол аптасына бір мәрте сабақ өткізіп тұрады. Сонымен қатар онда депоның бүгінгі жетістіктері, кемшіліктері жан-жақты талқыланады.

-Локомотив пайдалану депосының негізгі жұмыс көрсеткіші жүк тасмалымен өлшенеді. Бұл жұмыстың барысы қай деңгейде?

- Расында бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Ол жаңа «Эволюшн» тепловозының арқасы десем артық емес. Мәселен былтыр жүк тасмалы 9342165 тонна-км.брутто болса, биыл 9820947 тонна-км-бруттоны құрап отыр.

-Уақыт бөліп, әңгімелескеніңіз үшін рахмет, еңбектеріңіз жана берсін!

Балауса СЫЗДЫҚОВА

Қызылорда

Бөлісу: