IX қысқы Азия ойындары:10 ақпан ақпанға арналған жарыс кестесі

9 Ақпан, 22:14 478

IX Қысқы Азия ойындары аясында Қазақстан спортшылары үздік нәтижелерін көрсетіп үлгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әзірге ел қоржынында 1 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль бар. Бұл жетістіктер 9 ақпандағы жарыс күнінен кейін тіркелді. Біздің атлеттеріміз алдағы күндері де жоғары нәтижелер көрсетуді көздеп отыр.  

10 ақпан күнгі басты жарыстар: 

Керлинг
Қазақстан – Тайбэй (әйелдер) – 06:00  
Қазақстан – Филиппин (ерлер) – 06:00  
Қазақстан – Қытай (әйелдер) – 16:00  

Фристайл-акробатика** (Аралас команда) – Финал / 08:00 

Шаңғы жарысы 
10 км еркін стиль (ерлер) – Финал / 08:00

Конькимен жүгіру  
500 м (ерлер) – Финал / 09:00  
3000 м (әйелдер)  
Командалық спринт (ерлер)  

Шайбалы хоккей  
Қазақстан – Корея (ерлер) – 09:00  

Барлық жарыстар Астана уақытымен өтеді. Қазақстан жанкүйерлері Qazsport арнасы арқылы тікелей эфирден тамашалай алады.  

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: