Италиядағы су тасқыны: 36 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

21 Мамыр 2023, 08:40 1222

Италияда су тасқыны салдарынан 300-ден астам сел жүріп, 500-ден астам жол жабылып қалды, деп хабарлайды  Еl.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлерде 36 мыңнан астам адам үйлерінен кетуге мәжбүр болды.

Il Messagero басылымы таратқан мәліметке сәйкес, Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони төтенше жағдайға байланысты Жапониядағы G7 саммитінен ерте кеткен. 21 мамыр күні ол зардап шеккен аудандарды аралайды деп күтілуде.

Еске салайық, бұған дейін Италиядағы су тасқынынан 13 адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. 

Берік Арманов
Бөлісу: