Ит арба қазақта XVII ғасырдан бастап бар!

30 Мамыр 2014, 12:41

Ит арбаның балаға зияндығы не пайдасы туралы бала дәрігері (педиатр) мен сынықшы (ортопед) мамандар арасында бірыңғай пікір жоқ.

Ит арбаның балаға зияндығы не пайдасы туралы бала дәрігері (педиатр) мен сынықшы (ортопед) мамандар арасында бірыңғай пікір жоқ. Сондықтан бұл құрылғыны қолдану туралы соңғы шешімді ата-ана өзі қабылдайды.

Жалпы, бұл зат халыққа «ходунок» деген атпен таныс. Таныстырып қоялық, ол ходуноктың қазақша атауы ит арба болады. Мәжбүрліктен жасалған аударма емес, қазақта ертеден келе жатқан балаға арналған дүние болғандықтан. Енді осы ит арбаның біздегі тарихы туралы айта кетсек...

Біз үшін заманауи өнер туындысы сияқты көрінетін кішкентай балаларға арналған ит арбаның (ходунок) тарихы шындығында XVII ғасырдан бастау алады екен. Олардың сол кездегі сырт пішіні әртүрлі жасалғанмен негізгі атқаратын қызметі жалғыз еді, ол – бауырын енді ғана көтерген нәрестенің тезірек тәй-тәй басып кетуіне көмектесу.

Алғашқы ит арбалардың пішіні төрт бұрышты орындық іспетті немесе дөңгеленген юбкаға ұқсайтын болып келген. Олардың дәл ортасында жеткілікті көлемде ойық ойылып, баланы сол жерге орналастырған. Ал арбаның төрт сирағына кішкентай дөңгелектер бекітілген. Ең бастысы, бұл ит арбалар аяғын апыл-тапыл басқан баланың беліне мықтап байланған. Қазіргі заманауи нұсқалармен салыстырғанда XVII ғасырдағы ит арбаларда ешқандай орындық жасалмаған, сол себепті нәрестенің бір минут отырып, демалуына мүмкіндік болмаған. 
Ерте заманда ит арбалар ата-аналар үшін ауадай қажет зат саналған. Себебі, ол кездегі философия мен ғылымның талабы бойынша кішкентай балаларды ес қата салысымен-ақ аяқтарынан тік тұрғызу қажет еді. Тіпті, керек десеңіз, бауырын енді ғана көтерген балақайдың еңбектеуіне тыйым салынған. Дәрігерлер де, ата-аналары да еңбектеуді адамның табиғи даму сатысының алғашқы кезеңдері ретінде емес, жағымсыз әдет деп есептеген. Егер еңбектеудің алдын алмаса, адам өскен кезде де тік тұрып жүре алмайтын, жан-жануарлар сияқты төрт аяқтап қозғалатын болады деген түсінік қалыптасқан. Мұндайға жол беру адамдар үшін өліммен тең. Төрт аяқтап жүру тек хайуандардың, жабайы мақұлықтардың арасында ғана кең тарағандықтан тіршілік иесінің ішіндегі ең саналысы – адамдарға лайықты деп табылмаған. Сондықтан ол дәуірде адамдар құндақтан босаған баласын жерге еңбектетпей бірден тік тұрып жүруге икемдеген. Соған сәйкес «Ит арба» деген дүние ойлап шығарылған және оның маңыздылығына ерекше назар аударылған.

Енді сіз ит арбаның тарихы туралы біле жүретін боласыз!

Бөлісу: