IT-Aiel бағдарламасының ұйымдастырушылары түлектерін жұмысқа орналастыра ма?

21 Шілде 2023, 12:57 899

IT-Aiel бағдарламасымен қалай жұмысқа орналасуға болады? Бұл туралы Astana Hub білім беру бағдарламалар офисінің директоры Дәулет Беймурзинов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтің сұрақ-жауап бөлімінде журналист «IT-Aiel бағдарламасымен оқып, сертификат алған әйелдерді әрі қарай жұмысқа орналастыру қарастырылған ба?» деген сұрағын жолдады.

Оқи отырыңыз:

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – жұмыссыз әйелдерді фриланс нарығына шығару. Жалпы кез келген қатысушы өзіне лайық тапсырыстарды тауып, ақша таба алады. Бұл – бірінші жолы. Екіншіден, Astana Hub аясында бізде көптеген стартап бар. Егер қатысушылар белгілі бір деңгейге жететін болса, онда олар стартаптардың аясында жұмыс істей алады, - деп жауап берді Дәулет Беймурзинов.

Сондай-ақ Astana Hub білім беру бағдарламалар офисінің директоры IT-Aiel бағдарламасына халықаралық EPAM компаниясы қолдау білдіріп жатқанын айтты. Оған қоса ол алдағы уақытта IT-Aiel бағдарламасына көптеген ұсыныс түседі деген ойда екенін жеткізді.

Бұған дейін аталған бағдарламаға қатысуға 2307 әйел өтініш бергені туралы жазғанбыз

Ажар Лаубаева
Бөлісу: