Испанияның бас кітапханасы қазақ әдебиетінің шығармаларымен толықты

13 Шілде 2023, 23:44 1045

Екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстанның Елшісі Данат Мұсаев Испания Ұлттық кітапханасының директоры Ана Сантоспен және осы кітапхананың мәдениет жөніндегі директоры Хавьер Ортегамен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әңгімелесу барысында тараптар бірлескен мәдени іс-шараларды, оның ішінде көрмелер мен мастер-класстарды өткізудегі ынтымақтастық перспективаларын, баспа басылымдарын, сирек кездесетін құжаттарды цифрландыруда тәжірибе алмасуды, сондай-ақ мұрағат қызметін талқылады.

Қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау мақсатында кітапхана қорына Абайдың испан тіліне аударылған еңбектері берілді.

Айта кетейік, Испанияның Ұлттық кітапханасын 1712 жылы король Филипп V құрды. Кітапхана қорында 30 миллионнан астам басылым бар.

Перизат Саденова
Бөлісу: