Испанияда су тасқынынан 50 адам көз жұмды

30 Қазан, 17:22 502

Испанияның Валенсия провинциясында толассыз жауыннан кем дегенде 50 адам құрбан болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жауын салдары су тасқынына ұласып, теміржолдар жабылып, әуе рейстері тоқтатылды.

ТАСС мәліметінше, зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал оған әскерилер тартылған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: