Ислам ынтымақтастығы ұйымында бірыңғай Еңбек орталығы құрылады

23 Қараша 2023, 22:45 664

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының еңбек министрлерінің 5-конференциясы шеңберінде ИЫҰ Еңбек орталығын құру туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ол еңбек жағдайларын жақсартуға, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға, лайықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге және осы орталыққа қатысушылар арасында тұрақты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға жәрдемдесу үшін ұжымдық платформаға айналады. 

Қазақстандық делегацияны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова бастап барды. Конференция аясында ол Әзербайжан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі әріптестерімен кездесу өткізіп, әлеуметтік саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ Қазақстан Еңбекминінің өкілдері Әзербайжанның медициналық-әлеуметтік сараптама және оңалту, әлеуметтік қызметтер агенттіктерінің практикалық қызметімен және ақпараттық жүйелерімен, DOST орталығымен, TABIB медициналық мекемелерін басқару жөніндегі бірлестігімен танысты.

Перизат Саденова
Бөлісу: