Ислам ойындары: Зульфия Чиншанло 3 алтын медаль алды

13 Тамыз 2022, 01:19 1307

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.

Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Ислам ойындарында үш бірдей алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«59 кг-де сынға түскен қазақстандық ауыр атлет жалпы есепте 220 келі (95 кг+125 кг) зіл темірді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. 8 тамызда басталған ойын, 18 тамызда мәресіне жетеді.

Бұған дейін Ислам ынтымақтастығы ойындарында Арли Чонтей чемпион атанған болатын.

EL.KZ
Бөлісу: