Ішкі істер министрлігіндегі лауазым иелері аттестациядан өтеді

4 Наурыз, 17:41 668

Мемлекет басшысы ІІМ-нің кезектен тыс аттестаттау өткізу туралы бастамасын қолдады. 28 ақпанда тиісті Жарлыққа қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аттестация ­1 сәуірде басталады.

Бұл аттестаттаудың басты мақсаты – басшы лауазымдарды талантты және кәсіби білікті қызметкерлермен жасақтау үшін кадр резервін қалыптастыру, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Спикердің айтуынша, бұл полиция жұмысының сервистік моделін қалыптастыру саясатының логикалық жалғасы болып табылады.

Біз кадр саясатының трансформациясына көштік. Бізде орта буында қандай басшылардың жұмыс істейтінін жан-жақты зерделейтін кез келді. Бұл полицияның халыққа сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселесі бойынша қоғам сұранысын қанағаттандыру үшін жасалады, – деді Шыңғыс Алекешев.

Жалпы кезектен тыс аттестаттауға жататын лауазымдар тізбесі жеке құрамның 6%-ын құрайды. Аттестацияны өткізу үшін Ішкі істер министрі мен оның орынбасарларының төрағалығымен орталық және өңірлік аттестаттау комиссияларының құрамы бекітілді. Орталық комиссияның құрамына Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кірді.

Айта кету керек, өңірлік комиссиялардың құрамына осы құрылымдардың өкілдері алғаш рет кірді. Аттестаттау ретімен жүргізіледі.

Ол: физикалық және атыс даярлығы; Қазақстан Республикасының заңнамасын білу және логикалық ойлауды тексеру үшін компьютерлік тестілеу; орталық және өңірлік аттестаттау комиссиялары өткізетін әңгімелесу кезеңдерінен тұрады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: