Ішкі істер министрлігінде терроризмді насихаттаған азамат 6 жылға сотталды

29 Желтоқсан 2022, 13:36 1231

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылғы 28 желтоқсанда Ақтөбе қаласының №2 соты аталған адамды ҚР ҚК 174-бабы және 256-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Айыпталушы 2015 жылдан бері экстремистік қылмысы үшін жазасын өтеп келген. Осы уақытқа дейін радикалды идеологияны ұстанып, оны түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында насихаттаған.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енді.

EL.KZ
Бөлісу: